Біздің тарихымыз |
«Уют» қонақ үйі Алматы қаласында жиырма жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келеді: біздің қонақтарға деген есігіміз 1996 жылы ашылған. Содан бері, қаланың орталық аудандарында орналасқан, біздің ғимаратымызға екі масштабты жоспарлы қайта құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қонақүйіміз заманауи қонақүйлердің жоғары класына айналды.
Қажырлы, жоғары нәтижелі жұмыс жылдарында біз Қазақстан Республикасы мен әлемнің оншақты елінен мәдени және іскерлік шаралар бағытындағы көптеген қонақтарды қабылдадық. Бізге күн сайын көптеген саяхатшылар – іс сапар бойынша мамандар, бизнес өкілдері, өнер адамдары мен ғылым майталмандары, саяхаттаушылар, жас жұбайлар, отбасылар келіп тұрақтайды. Біз Қазақстанның ірі мегополисінің жүрегінде орналасқандықтан, қала ішінде өте қолайлы болғандықтан «Уют» қонақүйі көптеген жылдардан бері Алматы қаласын көруге келуші туристер арасында сұранысқа ие болып отыр.
Оншақты жылдар бойғы біздің табысты конструкциялық жоспарларымыз бен отандық қонақүй бизнес саласындағы амбициялық ниеттерімізді жүзеге асыру бізге өз жемістерін берді: қонақүйде ортатеңіздік неоклассикалық стилде безендірілген мейрамхана пайда болды, заманауи фитнес орталық және қонақүй қонақтарына арналған жайлы сауна бар. Біз кез келген қалалық/ұлттық немесе халықыаралық бизнес-ивент шараларын өткізуге дайынбыз, бізде техникалық жасақталған, белгілі бір аудитория тобына (жүз адамдай) арналған конференц-зал бар. Қонақүйдің эволюциясы тоқтап қалмақ емес: біз қонақтарымызды мінсіз қызмет көрсету және жылылық сыйлау арқылы қуанта отырып, кәсіби мамандар командасы ретінде дами беретін боламыз.
Нет элементов.
Оценка: |
0 из 5 на основе 0 оценок(ки)
|
Имя * | |
Отзыв * | |